Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлар байқауы өз жалғасын тапты

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтіп жатқан бұл шара 5 мамырға дейін созылады.

«Алғашқы республикалық байқау 2004 жылы өткен болатын. Биыл оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 үміткер қатысып отыр. Олардың көбі оркестрлермен жұмыс істеп жүрген мамандар. Оған ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айтқали Жайымов бастаған қазылар алқасы төрелік етеді», - дейді Мәдениет және ақпарат министрлігінің Музыка өнері басқармасының бастығы Нұрболат Ахметжанов. Оның айтуынша, 18 бен 40 жас аралығындағы үміткерлер Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі мен филармонияның симфониялық оркестрімен жұмыс істейді. Олар Н.Тілендиевтің шығармаларын, батыс классиктерінің әртүрлі жанрдағы туындыларын орындайтын болады