Нури аль-Маликидің отставкаға кетуі Ирактағы ішкі саяси ахуалдың реттелуін тездетеді


  туралы шешіміне қолдау танытты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. «Оның  белгіленген тәртіпке сәйкес, биліктен кетуі ел үшін жасалған қадам, Ирактың ішкі саяси дағдарыстан шығуына жол ашады», -деді Пан Ги Мун.  11 тамыз күні Ирак президенті Фуад Маасум парламенттің вице-спикері Хейдар аль-Абадиға Үкімет кабинетін құруды тапсырған болатын. Конституцияға сәйкес, жаңа үкімет 30 күннің ішінде құрылуы керек. Бірақ, бұған Нури аль-Малики басынан қарсы болып, аль-Абадидің премьер болуын қолдамаған. Алайда, кеше ол өзінің отставкаға кететінін жариялады. Сонымен қатар, жаңа үкіметке қолдау білдірді, делінген мақалада.