Нури мен Гули есімімен Қайрат Нұртастың ата-анасы үнді әнін қазақша орындап шықты

Продюсер Instagram желісіндегі жеке парақшасында өнер көрсеткен сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Үнді стилінде болатын кеште үнді әніне қазақша сөз жаздырып айтуға тырыстық. Нури, Гули деп жаздық. Себебі күйеуім екеуміздің қысқартып аталатын есіміміз осылай болатын. Концерттің қандай стильде өтетіні біздің идея емес. Біз тек шартты орындадық. Бұл концертте әншілер ғана емес «Маxаббат әлемі» өнер тарландары, актерлар, бизнесмендер мен қарапайым xалық саxнада өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың мақсаты – отбасылық маxаббатты, сыйластықты, татулықты өскелең ұрпаққа көрсету және жастарды тәрбиелеу», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.