Нұрлан Әлімжан өзінің ажырасқан кезі туралы жан тебірентерлік әнін желіге жариялады

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

Жаңа әнін Фейсбуктегі парақшасына да жариялаған Нұрлан Әлімжан: "Бұл жаңа әнім елге әлі тарала қойған жоқ. Бірақ оны әлеуметтік желіде тыңдап, маған қолдау білдіріп, әнімді түсініп жатқандар көп. "Қоштасайық" әнінің өзіндік тарихы бар. Ол — менің өмірім..." деп жазған.

Айта кетейік, әнші әйелі Жансаямеен осыдан бірер жыл бұрын ажырасқан болатын. Екеуінің екі ұл, бір қызы бар.