Атап айтқанда, бұл құрмет белгісіне Болашақ стипендиясының иегері Дәмел Мектепбаева, жоғары білікті дәрігер хирург Болатбек Баймаханов, полиция аға сержанты, ойыққа түсіп кеткен автобустың астынан шығуға тырмысып жатқан ер адамды құтқару үшін ыстық суға толы шұңқырға ойланбастан секіріп кеткен Руслан Нұрғожаев, кезекті еңбек демалысында жүрсе де, 15 метрлік су бөгетінің бұзылуы салдарынан болған апаттан адамдарды құтқаруға бел шеше кіріскен азамат Руслан Рысқұлов, танымал актер, әнші Нұрлан Әлімжанов, қазақстандық ауыр атлетші, қазақтан шыққан ауыр атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, 2009 жылдың 29 шілдесінде полигонда жауынгерлік гранаталарды лақтыру жаттығу кезінде қолынан гранатаны түсіріп алған сарбазды құтқарып, жауынгерлік гранатаны өз денесімен жапқан Тимур Жұқабаев ие болды.