Н. Нығматулин атап өткендей, бұл кеңес депутаттық әдеп ережелерін бұзған жағдайда, тиісті заңдарды басшылыққа ала отырып, Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, депутаттық этиканы бұзуға жол бермей, керек уақытта жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады.
Елімізге белгілі қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов басқаратын кеңестің мүшелері: Сауытбек Абдрахманов, Құралай Қаракен, Евгений Козлов, Екатерина Никитинская, Шавхат Өтемісов, Тұрғын Сыздықов.