Нұрлан Жоламановқа қатысты қылмыстық істің тергелуі аяқталды


деп хабарлады дүйсенбіде ҰҚ баспасөз қызметінен.
"Қазіргі уақытта ҚПК 275 бабына орай айыпталушы және оның қорғаушылары қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр”, делінген онда.
Ақпаратқа қарағанда, оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әр түрлі коммерциялық құрылымдардан13 эпизод бойынша пара алды деген айып тағылып отыр.
Алдында хабарланғандай, Н.Жоламанов Ақмола гарнизоны әскери сотының санкциясына орай қазан айының соңында екі ай мерзімге қамауға алынған болатын. Оған аса ірі көлемде пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын пайдаланды, деген айыптар тағылған болатын.