Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жергілікті маңыздағы жолдарға үлкен көңіл бөлінбек.
Жыл соңына дейін мұндай жолдардың 75%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілмек. Қазір 4 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Ал, бес жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 мыңға жетеді. Ағымдағы жылы республикалық және жергілікті маңыздағы 9,5 мың шақырым жол жөнделеді. Ел аумағында 1800-ден аса жол бойында қызмет көрсететін нысан бар. Оның жартысына жуығы ұлттық стандартқа сай.
Бейбіт Атамкұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 685 млрд теңге бөлінді. Оның 349 млрд теңгесі республикалық жолдарға бағытталған. 641 шақырым жолда қозғалыс ашылды. 1,5 шақырым жол орташа және күрделі жөнделді.