Нұрмахан Тінәлиев әлемдік UWW рейтингінде алғашқы бестікте

Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі бар:

59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев - 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) - 12-шы орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов - 17-шы орында.

Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі)  - 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов - 19-шы орында.

Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген  Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.