Әр жылдары Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде, Парламент Мәжілісі аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі мен Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының орынбасары, кейін меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Тағайындауға дейін Э.Сыздықов «Нұр Отан» партиясының Хатшысы лауазымын атқарып келді.
Қазіргі уақытта партиялық холдингке «НҰР-Медиа» құрамына енетін БАҚ тиімділігін арттыру міндеті қойылып отыр.
«Соңғы кезде НҰР-Медиа» холдингінде қаржылай сауықтыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілгенін білесіздер. Сондықтан Эльдар Сыздықовтың тағайындалуы партиялық холдинг құрамына енетін БАҚ қаржылай тиімділігін арттыру жүйесін жақсарта отырып, бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажеттілігімен байланысты», - деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Айта кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болып бұған дейін партияның идеология жөніндегі Хатшысы қызметін атқарған Болат Берсебаев тағайындалған болатын.