"Дегенмен оппозицияның болған оқиғаға билікті айыптауға артықша пейіл екені анық",- деді Д.Назарбаева. Ол қазіргі билік үшін "керісінше, тұрақтылық пен тыныштықты сақтап қалудың маңызы зор" екенін атап өтті.
"Қазіргі ахуал мен сайлауалды науқанының барысын қарапайым бағамдау арқылы да нәтижені болжауға болатын секілді. Сайлау қарсаңындағы додада абсолютті артықшылыққа ие бола отырып, ішкі және сыртқы бақылаушылардың оң бағасына ие болу үшін сайлауды ең жоғары деңгейде таза өткізудің маңызы айрықша зор. Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға ниет білдірдік. Ендігі жерде біз осы қадамға қарай жүйелі түрде әрі бірізді ілгерілеуіміз қажет",- деді Д.Назарбаева.