"Нұрқазған" кенішінде 2003-жылдың қыркүйегінен бері 292 мың тонна кен, 1,5 тонна күміс және 88 кило алтын өндірілді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Нұрқазған" кенішінің салтанатты ашылу рәсімі осыдан дәл бір жыл бұрын өткізілген. Шараға сол тұста Қарағанды облысына жұмыс бабындағы сапармен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Кеніш Теміртау қаласына таяу жерде орналасқан. "Нұрқазған" кенішіндегі алғашқы қазба жұмыстары 2003-жылдың қыркүйегінде басталды.

Өнеркәсіптік барлау мәліметтеріне сәйкес, кен қоры кеніштің 40 жылдан астам жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Кеніштің жобалық қуаты бойынша жылына 4 млн. тонна кен өндірілуі тиіс. А.Әбдірахмановтың айтуынша, бұл көлем кеніште 2005-жылдан бастап игеріле бастайды.