Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды республика тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, көрсеткен құрметі мен кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
"Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы Қазақстанды аяғына тұрғызды. Өз басым Мәскеуге мэр болған кезімде де, ол қызметтен кеткеннен кейін де оның осы ұлы істі атқарып, халқы үшін ұлы ерлік жасауына көмектесуге тырыстым" деді Лужков.
Айта кетейік, Юрий Лужков Мәскеу қаласын 1992 жылдан 2010 жылға дейін басқарды. Қазір ол фермерлікпен айналысады.