Caravan Logo

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлау құқығына ие кез келген Қазақстан азаматы таңдауын жасай алады.

Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН-ін, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады.

Сондай-ақ, интернетке шығу мүмкіндігі жоқ жұрт үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Азаматтар осы телефон нөміріне қоңырау шалып, өз учаскесін таба алады.