Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің өкілеттіктері тоқтатылды

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.


2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Президент жарлығында.