Нұр-Сұлтан мектептерінде екінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық снаитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді», - делінген ақпаратта.

Басқарманың хабарлауынша, білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиялогиялық жағдайға тәуелді. Егер өзгерістер болса, ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланады.