Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар мекеменің электронды поштасына бомба туралы ақпарат түскен.
Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстау үшін жедел тергеу тобын құрды. Нәтижесінде полиция Қостанай облысы Жітіқара қаласының 1986 жылғы тұрғынын ұстады. Ер адам қаладағы ұйымдардың бірінде ІТ-маманы болып істейді.
"Ер адам ІТ-саласындағы білімі мен түрлі техникалық құралды пайдаланып, елорда мен Алматының 11 ірі нысанына хат жіберген", - делінген орталық хабарламасында.
Күдікті бұзақылық пиғылмен қылмыс жасағанын мойындады, қазір ол қамауда отыр.
Енді ол Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін (15 млн теңгеден астам) айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.