Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
18 маусымда Киевте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының 14-ші отырысы өтті.
Қазақстан тарапынан тең төраға ретінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Украина тарапынан тең төраға Украина Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Экономика министрі Олексий Любченко болып табылады.
Кездесуді аша отырып, тараптар ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін және оны іске асыруға бағытталған кешендік күш-жігерге өзара мүдделілікті атап өтті. Украина Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді.
Алайда, соңғы бірнеше жылда өзара сауда көлемінің төмендеуі байқалды. Осыған байланысты Комиссияның тең төрағалары тауар айналымының көлемін арттыру бойынша нақты бастамалармен алмасты.
Мысалы, Бақыт Сұлтанов украиналық әріптестеріне бірінші кезеңде қазақстандық 70 астам тауарды жеткісу мәселелері мен шикізаттық емес экспортты 350 миллион долларға көбейте алатын бірлесе пысықтауды ұсынды.
Мұның өзі болашақта қазақстандық экспорттың 45,5% -ға өсуіне септігін тигізеді.
- Біздің мұнай-химия, металлургия, тамақ, химия, машина жасау салалары өнімдерін, құрылыс тауарларын жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар, - деді Бақыт Сұлтанов.
Қазақстандық делегация басшысының айтуынша, сауда-экономикалық қатынастардың дамуына Киевте қазақстандық сауда үйі мен Нұр-Сұлтанда украиналық сауда үйінің ашылуы ықпал етуі мүмкін, онда қазақстандық және украиндық өндірістің ең жақсы өнімдері ұсынылуы керек.
Өзара сауданы жандандыру үшін қазақстандық тарап Киевке әр түрлі салалардағы бірлескен ынтымақтастық жобаларды ашу арқылы ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды. Қазақстан мен Украинада машина жасау, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және ІТ-индустрия саласында осындай ынтымақтастықтың сәтті тәжірибесі бар.
Сонымен бірге, бірлескен кәсіпорындар, оның ішінде дайын өнімді үшінші елдерге жеткізу шін әлеует бар, деп қостады Комиссияның тең төрағалары. Нақты жобалар туралы айта отырып, украин тарапы автомобиль жабдықтарын бірлесіп шығаруға қызығушылық білдірді.
Қазақстан өз тарапынан украин нарығына қазақстандық өндірістегі Hyundai автомобильдерін жеткізуге және серіктестердің ұсыныстарын сарапшылар деңгейінде егжей-тегжейлі әзірлеуге дайын екендігін мәлімдеді. Киевте стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде бір тараптың ұлттық стандарттарын екінші тараптың аумағында қолдану және тарату мүмкіндігі де талқыланды.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың пікірінше, бұл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ете отырып, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жағдай жасайды. Тараптар көлік-транзиттік тасымал саласындағы қазақстан-украин ынтымақтастығының мәселелерін қарастырды.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде транзиттік жүк тасымалын дамытуға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық тарап сонымен қатар украиналық әріптестеріне «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын инвестицияларды тарту және ҚХР-ға украин өнімдерін көтерме және бөлшек экспорттау алаңы ретінде белсенді пайдалануды ұсынды.
Келіссөздердің жеке тақырыбы - IT саласындағы ынтымақтастық синергиясын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, тараптар мемлекеттік басқару және медицина саласындағы бірқатар технологиялық шешімдерді пилоттық жүйеде бастау ниеттерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды:
1. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі украин-қазақстан бірлескен мемлекетаралық комиссиясының он төртінші отырысының хаттамасы;
2. Украинаның Экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі арасындағы екіжақты сауда саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қолдау агенттігі» мемлекеттік ұйымы мен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» акционерлік қоғамы арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Тараптар бірлескен Комиссияның 15-ші отырысын Қазақстан Республикасында өткізуге келісті (Нұр-Сұлтан).