Нұр-Сұлтан мешіттерінің ауласында Айт намазы өткізілмейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бас қала әкімдігінің мәліметінше, қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі күндеріне арналған шектеу шаралары туралы қол қойған қаулыға сәйкес мегаполис тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде де өткізуге және қатысуға тыйым салынады.

"Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады", делінген қаулыда.

Сонымен қатар құрбандық шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады. Бұл ретте күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру қажет.


Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.