Н.Назарбаев оның жетекшілігімен Мысырда саяси тұрақтылық орнап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақтанады деп сенім білдірді.
«Қазақстан Мысыр Араб республикасын ислам әлеміндегі маңызды серіктестердің бірі деп біледі және екі жақты ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне мүдделі екенін атап өткім келеді», - делінген мемлекет басшысының Мысыр президентіне жолдаған жеделхатында.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев Әбдел Фаттах Әс-Сисиге елдің дамуына бағытталған жауапты қызметте зор денсаулық пен үлкен табыс, ал, бауырлас Мысыр халқына тұрақтылық пен бақуаттылық тіледі.