Бұған Президент Алматы облысына барған сапарында анық көз жеткізді. Өйткені мемлекеттің қаржылай қолдауына қарамастан шаруалар жұмысты мандыта алмай отыр. Осы жерде Елбасы Батыстың өніміне санкция салған Ресейге жергілікті жеміс-жидекті экспорттауға болар еді деген ойын жеткізді. Сөйтіп табыс тауып, ірі нарыққа шығудың мүмкіндіктерін қарастыруды талап етті. Сондай-ақ, бірқатар зауыт пен әлеуметтік нысандарды аралаған Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы құлағалы тұрған барлық үйлерді тегіс сүріп тастап орнына жаңасын салуға пәрмен берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
:
- Ескі үйлерден құтыламыз солай. Осы мәселемен айналысу керек. Ал жерді үй тұрғызамын деген компанияға беру керек. Сөйтіп адамдар пәтерлі болады.