Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмысын сынға алды

Атап айтқанда, Елбасыны өңірде өңдеуші өнеркәсіптің құлдырауы мен ауыл шаруашылығының тұралауы алаңдатып отыр. Одан қалды орта және шағын бизнес облыс орталығында дамығанымен, ауылдық жерлерде кенже қалған. Аудандарда құлағалы тұрған тұрғынүйлер мен мектептерді жөндеу кешеуілдеп жатыр. Сонымен қатар индустрияландыру бағдарламасы аясында пайдалануға берілген 11 өндіріс жұмыс істеп тұрған жоқ. Бюджеттің қыруар қаржысы жұмсалған жобалардың тұралауын мемлекет басшысы сынға алды. Таяқтың ұшы алдымен облыс әкіміне тигенімен  Архимед Мұхамбетов барынша ақталып бақты.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті :

11 жоба әлі күнге жұмыс істемейді.Біз зауыттарды тек есепберу үшін салып жатырмыз ба? Біз өнім алуымыз керек алдымен. Неге бақыламайсыңдар ?

Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі: 

-11 жобаның 6-уы қалды қазір. Барлық мәселені шештік. Жақын арада өнімдері өндіріледі.