Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Алты жыл Тасмағамбетов айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар. 6 млрд теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса.
Осы иіске «ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер де тұншығып қалуы мүмкін. Өйткені, көрме қалашығы сол бас ауруға айналған Талдыкөлге жақын орналасқан. Бүгін Астананың дамуы жөнінде кеңес өткізген президент «ЭКСПО-ға» әзірлікті шапшаңдатуды талап етті. Тіпті, халықаралық көрмеге кейбір мақтаулы нысандардың құрылысы бітпейтінін естігенде, Елбасы әкімнен бастап, барлық шенеуніктің шаңын қақты. Сонымен қатар президент жаңбыр жауса көлге айналатын бас қала, «ЭКСПО»қонақтарының алдында ұятқа қалдыратынын айтты. Сасық судың жағасында тұрғызам деген сөзден шошынды ма, Жақсыбеков ағын сумен қатар жағымсыз иісті биылдан қалдырмай шешетінін айтып ақталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз». Астана қалай болады, сасып тұрса? Масқара!