Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Elbasy.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.

– Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сондай-ақ сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.