Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бірқатар жаңа нысандарында болды

Президент қазіргі заман талаптарына сай салынған "Авиценна-Элит" тұрғын үй кешенін аралап көрді. Кешендегі 46 пәтердің барлығы тұрмыстық техникамен жабдықталған. Тұрғын үй кешенінде жерасты паркинг, кеңсе және сауда орындары қарастырылған. Нысанның жобалық құны 3,9 миллиард теңгені құрайды.

Мереке қарсаңында құрылыс компаниялары тағы да бірқатар нысандарды пайдалануға берді.

Атап айтқанда, "Северное сияние" тұрғын үй кешені мен "Astana Financial Tower" іскерлік орталығы.

"Северное сияние" тұрғын үй кешенінің құрамына 500 пәтерлік үш мұнара енеді.

"Astana Financial Tower" іскерлік орталығы бизнес жүргізу және түрлі қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру үшін қолайлы кешен болып табылады.