Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

Кездесу кезінде министр Елбасына 2006 жылғы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындылары мен мемлекет басшысы алдағы кезеңге белгілеген міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы баяндап берді.

Президент ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасының арқасында Қазақстанда шаруалардың толыққанды жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Әңгіме бірінші кезекте тиімді заңнамалық база, мемлекет пен жеке сектордың арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі заманғы моделі, сондай-ақ несиелендіру жүйесін дамыту туралы болып отыр. Мемлекет алдағы уақытта да аграрлық сала қызметкерлеріне қолдау көрсететін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы секторының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

- Мемлекет басшысымен кездесу кезінде ағымдағы жылы жүзеге асыру экономиканың аграрлық секторының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа бюджеттік бағдарламалар талқыланды, - деді А.Есімов журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті