Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Бүгін Бішкекте ТМД президенттерінің саммиті басталады, содан кейін Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.