Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды

Бүгін Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы барысында Елбасының кандидатурасы қауымдастық төрағалығына қайта ұсынылды. Қауымдастықтың төралқа мүшелері Н.Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Маған сенім білдіргендеріңіз үшін баршаңызға рахмет. Бұл менің істеп жүрген жұмысым", - деп атап өткен Мемлекет басшысы, сенім артқан төралқа мүшелеріне алғысын айтты.