Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының президенті Хосни Мубаракты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

"Сіз бүкіл ғұмырыңызды және күш-қуатыңызды Египет халқының мүдделері мен игілігіне арнап келесіз. Бүгінгі Египет зор саяси әрі экономикалық әлеуетке ие және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рол атқаратын мемлекет ретінде белгілі", - делінген құттықтау жолдауында.

"Қазақстан басшысы Хосни Мубарактың Қазақстан мен Египет арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында атқарған еңбегін айрықша атай отырып, мерейтой иесіне зор денсаулық және баянды бақыт, отбасына амандық, ал достас Египет халқына даму мен құт-береке тіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.