Нұрсұлтан Назарбаев Елордаға арнайы шақырылған ардагерлермен бірге «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойды

Мәңгілік алауға қарай бет алған бұл ардагерлерді жеңістің белгісіне,  әрқайсын қайталанбас тарихқа теңеуге болады. Омырауы орденге толы қарт жауынгерлердің жүріп-тұруы қиындап қалса да, олар өткенге тағзым етуді еш ауырсынбайды. Жыл сайын ұзақ жол жүріп, әр аймақтан Астанаға жиналады.

Рахметжан Шахметов, соғыс ардагері:

-Отан соғысына қатысқан адамдарға үлкен құрмет көрсетіп жатыр. Осы бағыттан айырылмасын, еліміз тыныш болып. Заманымыз жақсы бұрынғыдан. Біз талай заманды бастан кешірген адамдармыз.

Ал, бүгінде Астананың бұл ардагерлерден асқан құрметті қонағы жоқ. Сондықтан Елбасының өзі қарт жауынгердердің жеке-жеке амандығын  сұрап, әрқайсымен аз-кем әңгімелесті. Кейін алаңға жиналған он мыңға жуық адам Отан үшін соғысқа аттанып елге қайта оралмаған сарбаздарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Әрине, жылдағы дәстүр бойынша алдымен Президенттен, кейін жиналғандардың бірі қалмай «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойды.

-Е, бұл дүние бір-ақ жасайсың. Бала-шаға бәрі аман болсын, еліміз тыныш болсын. Я, Құдай!

Ұлы жеңістің қадір-қасиеті еш ортаймайды, керісінше уақты өткен сайынт ерліктің құны арта түседі. Оның себебін, бейбіт өмір   үшін кімдердің алдында мәңгі қарыз екенімізді бүгін президент тағы еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біз – жеңген бабалардың бақытты ұрпағымыз. Сол бабаларымыздың, әкелеріміздің, аталарымыздың арқасында мінекей, 70 жыл бойы біз бейбіт өмір сүріп келе жатырмыз. Оны ешқашан ұмытпау керек. Егер біздің бабаларымз жеңбесе  сол соғыста біздің  хәліміз қалай болар еді? Қазақстан бүгінгідей болар ма еді, болмас па еді?
Сондықтан, әр уақытта құрметтеп жүру керк. Тек қана мерекеде емес, жәй күнде де жастарымыз ақсақалдарды көрсе, ардагерлерді көрсе, соларға көңіл бөліп, қолпаштап жүру керек.

Жеңіс қадірін әрқайсымыздан артық білетін ардагерлер жоғары бағалайды. Балаша қуанады. Жастық шағын оқ пен оттың ортасында өткерген батырлардың ендігі бір-ақ арманы - ұрпағының амандығы.

Әбілжан Нұрмағамбетов, соғыс ардагері:

-Бүкіл дүние жүзінде тыныштық болсын деп тілеймін. Балаларымз аман болып өсе берсін, солар ешқақан соғыс отын көрмесін, білмесін біздің көрген қиыншылықтарымызды.

Ардагерлер мен батырларға деген құрмет мұнымен шектерлмейді. Ұлы жеңісті ұлықтау ертең де жалғаспақ. 9-шы мамрда еліміздің әр аймағындағы мәңгілік алауға мыңдаған адам жиналып, батырлардың рухына тағзым етеді. Ардагері бар әр үйде сұм соғыс туралы естелік айтылады.

Loading...