Себебі соңғы 8 айда 342 миллиард теңге мақсатсыз жұмсалыпты. Яғни, белгілі бір секторға бөлінген ақша басқа салаға аударылған. Шенеуніктер жаппай жазаланып жатқанымен осындай ірі қаржылық тәртіп бұзушылықтар азаймай келеді. Оның үстіне дұрыс жоспарламаудың кесірінен қазынаның миллиардттары игерілмей жатыр. Бұған көңілі толмаған мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинге бюджеттің әр тиынының жұмсалуын қатаң қадағалауға пәрмен берді.