Осы орманның арқасында Астананың климаты өзгеріп келеді. Қазір ағаш егілген жердің аумағы 70 мың гектарға жеткен. Бұл еліміздегі 5 ауданның территориясымен тең. Ал жасыл белдеу қолға алынар кезде қу тақыр, әрі тастақ жерге ештеңе өспейді сынаушылар көп болыпты. Оның құр сөз боп қалғанына бүгін Елбасы жайқалып өскен орманды мысалға келтірді. Бұл ерекше қорғалатын аймақ болып саналғандықтан, аңшылық жасауға қатаң тыйым салынған. Сондықтан бүгін орман тағы қырғауылдармен толықты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Орманы бар өңір әруақытта бай өңір. Бірінші отырғызған ағаштардың биіктігі 15-20 метрге көтерілді. Жойылып кеткен аң қайтадан пайда болды. Елік, қоян, түлкі марал барлығы бар. Оның үстіне құс жіберіп жатырмыз. Ішінде неше түрлі жидектер бар. Халықтың демалатын жері бір, жаздынкүні саябақ. Қыстынкүні желден қорғайтын үлкен жағдай.