Нұрсұлтан Назарбаев кімге дауыс берді?

Бүгін күллі елдің назары Астанадағы №81-ші сайлау учаскесіне ауды! Себебі мұнда таңғы сағат 11-де президенттік тақтан басты үміткер келді. Сайлау комиссиясының мүшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке куәлігі бойынша тіркеуден аты-жөнін тауып қолына бюллетен ұстатты.Осыдан соң мемлекет басшысы отандық және шетелдік тілшілерге  сұхбат берді. «Кімге дауыс бердіңіз?» деген сұраққа президент қалжыңмен жауап қайтарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Енді кімді таңдайтыным белгілі шығар барлықтарыңа. Мен даусымды Қазақстан үшін бердім деп айтсам болар еді. Қазақстанның болашағы үшін біздің жасап жатқан істердің жалғасуы үшін оның жемісін бізде біздің ұрпақтарымыз да көру үшін. Ашық түрде демократиялық түрде өткізіп жатқан сайлау.

Сондай-ақ, қазіргі президент қарсыластары жайлы да пікір білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Екеуінің де бағдарламасын тыңдап отырдым. Біріншіден өзіміздің әдет-ғұрпымызды сақтап ешкімге еліктемеу деген мәселе ол дұрыс.Екінші кандидаттың айтып жүргені экология мәселелері ол да дұрыс. Оныменен шұғылданып жатырмыз. Екеуінің ұсынысын бағдарламаға алып орындауға болады.

Ал Назарбаевтың осы екі қарсыласы ерте тұрып, учаске ашылған бойда өз таңдауларын жасады. Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Құсайынов пен коммунист Тұрғын Сыздықов та жеңістен дәмелі.

Тұрғын Сыздықов,  ҚР Президенттігіне үміткер:

-Адамдар өте көп келіп жатыр. Менің ойымша, дауыс беру үшін және ашық сайлау өткізу үшін бар жағдай жасалған.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Бүгін мемлекет үшін тарихи маңызды күн!Дауыс беріп шықтым. Сайлау учаскесіндегі ұйымдастыру жұмыстары ойдағыдай. Енді сайлау қорытындысын күтеміз.

Бүгін Астананың саяси элитасы да таңнан тегіс сайлау учаскесіне ағылды. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша премьер-министр Кәрім Мәсімов жұбайымен бірге болашақ президентке дауыс берді. Мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаева учаскеге қызы, ал Тимур мен Динара Құлыбаевтар ұлын ерте келіпті. Бала-шағасын ерткен басқа да Үкімет мүшелері конституциялық міндетін орындаудан қалыс қалған жоқ.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен жағдайда 5 маңызды реформаны дереу қолға алатынын мәлімдеді. Ол бағдарлама елімізде әділдіктің салтанатын құруын, мемлекеттік қызметті жаңалап, шикізатқа тәуелді экономиканы әртараптандыруды көздейді. Әзірге, Назарбаев, Құсайынов пен Сыздықовтың штабтары сайлаудың алғашқы қорытындыларын күтіп отыр.  

Loading...