Нұрсұлтан Назарбаев көреген саясат жүргізіп отыр – шетелдік сарапшы


Мұндай пікірді Сингапурдың Кувейттегі елшісі, Сингапур Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы арнайы елшісі, MediaCorp сингапурлық медиахолдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі Зайнул Абидин Рашид білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«ҚР Президенті стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті негіздер мен алғышарттарды анық түсініп отыр. Сингапур тәжрибесіне сәйкес, мақсаттар мен құндылықтарды айқындау қиын емес, алайда инфрақұрылымдар мен білім базасын құру үшін уақыт қажет. Қай салада болмасын, оның ішінде саяси, әкімшілік, білім беру, жекеменшік сектор, қоғамдық топтарда болсын, ең алдымен басқарушы «қаңқа» маңызды болуы керек. Қазақстан ресурстарға бай ел. Реформаларды жүзеге асыруға тиісті қаражат керек. Президент Назарбаевтың бойында өзі ұсынған реформаларды іске асыруға жетерлік күш-қуат бар», - деді Сингапурдың Кувейттегі елшісі.