Нұрсұлтан Назарбаев Қоры аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың өмірден өтуіне байланысты орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады.

Елдің дамуына сүбелі үлес қосып, Сенат депутаты ретінде де белсенді азаматтық ұстанымын көрсете білді. 

Ол өз ісінің хас шебері, қайсар мінезді патриот ретінде қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Жаны жәннатта шалқысын.