Нұрсұлтан Назарбаев Қорында жас ғалымдар мен шығармашылық қызметкерлерге арналған байқау басталды

2008 жылы Қор өзінің ғылым, мәдениет және өнер сыйлығын тағайындады. Бұл жас талантты қазақстандықтардың жетістігі үшін олардың қызметін қолдау және мойындау үшін берілетін Қордың ең құрметті наградаларының бірі:

    • мәдениет және өнер саласында – қоғамда кең танылған және республиканың мәдени өміріне елеулі үлес қосқан жаңа әрі бірегей туындылар, бағдарламалар, мәдениет және өнер саласындағы жобалар үшін.

    • жаратылыстану ғылымдары саласында – жаңалықтар, өнертабыстар үшін, әзірленген және сыналған жаңа технологиялары, үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар бірыңғай тақырып бойынша ғылыми жұмыстар сериясы үшін

    • гуманитарлық ғылымдар саласында – үлкен практикалық маңызы бар, зерттеулер жаңалығымен және өзектілігімен ерекшеленетін, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін жұмыстар үшін.

Байқауда Қазақстан Республикасының 40 жастан аспаған азаматтары сыйлыққа үміткер бола алады.

Берік Айтжанов, Сүндет Байғожин, Дмитрий Корулькин, Гүлмира Әбдірайымова, Әлішер Кәрімов, Жұпар Ғабдуллина, Карина Абдуллина, Сухраб Жапаров, Димаш Құдайберген, Азамат Жылтыркөзов, Нұрхат Жақиев, Толқын Забирова, Айгүл Мүкей, Тимур Лесбеков сынды танымал ғалымдар мен өнер және мәдениет қайраткерлері бұл сыйлықтың лауреаты атаған.

Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табысталады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 1 қазанына дейін

Ережелер, марапаттау тәртібі және өтінім нысаны туралы толығырақ мына парақшада жарияланған.