Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

2008 жылы Қор өзінің ғылым, мәдениет және өнер сыйлығын тағайындады. Бұл жас талантты қазақстандықтардың жетістігі үшін олардың қызметін қолдау және мойындау үшін берілетін Қордың ең құрметті наградаларының бірі. 

Қазақстан Республикасының 40 жастан аспаған азаматы байқауға қатыса алады.

Берік Айтжанов, Сүндет Байғожин, Дмитрий Корулькин, Гүлмира Әбдірайымова, Әлішер Кәрімов, Жұпар Ғабдуллина, Карина Абдуллина, Сухраб Жапаров, Димаш Құдайберген, Азамат Жылтыркөзов, Нұрхат Жақиев, Толқын Забирова, Айгүл Мүкей, Тимур Лесбеков және т.б. танымал ғалымдар мен өнер және мәдениет қайраткерлері бұл сыйлықты иеленген.  

Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табысталады.

Өтінім 2024 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. 

Байқаудың толық ережесі fnn.kz сайтының «Жобалар мен байқаулар» бөлімінде жарияланған.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!