Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлеріне сыйлық табыстау бойынша республикалық байқауға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Caravan.kz Нұрсұлтан Назарбаев Қорына сілтеме жасап.

2008 жылы Қор ғылым, мәдениет және өнер саласындағы сыйлығын тағайындады. Бұл Қордың ең беделді марапаттарының бірі болып табылады және жас талантты қазақстандықтардың жетістіктерін қолдау мен мойындау мақсатында беріледі.

Байқауға 40 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Берік Айтжанов, Сүндет Байғожин, Дмитрий Корулькин, Гүлмира Әбдіраимова, Әлішер Каримов, Жұпар Ғабдуллина, Карина Абдуллина, Сухраб Жапаров, Димаш Құдайберген, Азамат Жылтырқозов, Нұрхат Жақиев, Толқын Забирова, Айгүл Мүкей, Тимур Лесбеков және т.б. Бұл марапатты белгілі ғалымдар, өнер мен мәдениет қайраткерлері иеленген.

Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, дипломдар, төсбелгілер және ақшалай сыйақылар табысталады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!