Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдеріне төніп тұрған қауіптерді атады

Саммит қожайыны ретінде Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған әріптестерін қарсы алып жатыр. Бір қызығы, Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Стамбулға Александр Лукашенко да келіпті. Мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынасы жақсы Беларусь президенті басқосуға қонақ ретінде шақырылған екен. 1 жарым миллиард тұрғыны бар Ислам әлемінің алпауыттары , корольдер мен шейхтар ушығып тұрған геосаясатты талқылады. Ал басқосуда сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев, соғыстан көз ашпай отырған Ливия, Сирия, Ирак, Ауғанстан, Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді. Одан қалды Елбасы,  шейіт пен сүнниттердің арасындағы кикілжің тыйылмаса соңы үлкен қасіретке соқтыратынын қадап айтты. Сондықтан мұсылман елдері жауласуға емес, бірігуге күш салуы керек деді Назарбаев.  

Loading...