Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Бәрімізге белгілі Құранда жазылған Рамазан айында аузын бекітіп Оразаны ұстаған адам барлық күнәсынан ажырап Аллаға жақын болады. Осы айдың ішінде барлық мұсылмандар жақсылық істеп басқа жұртқа қолынан келгенше көмектесуі міндет. Кемтарларға көмектесуге,қаражатымен бөлісуге жол ұстау керек. Сондықтан осы Рамазан айының басталғанымен барлық Қазақстан мұсылмандарын құттықтаймын.
Барша мұсылмандарды оразаның басталуымен құттықтаған Елбасы Астанада жаңадан салынған мешітте болды. Бұл Елордада бой көтерген сегізінші Алла үйі. Ал биыл ауыз бекіткен жанға рамазан айы үлкен сынақ болмақ. Өйткені, елімізде аптап ыстық болады деп болжанып отыр. Сынап бағанасы +43 градусқа жетеді. Бірақ шіліңгір шілдеде ұстаған оразаның сауабы мың есе. Мұсылмандар осы айда пітір садақа береді. Биыл оның көлемі 200 теңге болып бекітілген. Ал қасиетті ай маусымның 28-і басталып, шілденің 27-сіне дейін созылады.