Нұрсұлтан Назарбаев Мюнхендегі оқиғаға байланысты Ангела Меркельге көңіл айтты


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мемлекет басшысы 22 шілдеде Мюнхен қаласында болған қарулы шабуыл салдарынан жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өзінің атынан А.Меркельге, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ Германия халқына көңіл айтты», делінген хабарламада.