Нұрсұлтан Назарбаев отандық кілемді алуға шақырды


Кілем фабрикасы Оңтүстік арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Іске қосылған жарты жылдың ішінде ол 150 адамды жұмыспен қамтыпты. Құны 8 жарым миллиард теңгені құрайтын үлкен фабрика жылына 15 миллион шаршы метр тоқыма өнімдерін шығарып, артылған тауарларын экспорттауды көздеп отыр. Айта кетерлігі, ұлттық нақышпен өрнектелген мұндағы кілемдердің бағасы шетелдік тауарлардан арзан. Фабриканың шаруасымен танысқан Елбасы бүгін өндіріске оң баға беріп жұмысына сәттілік тіледі.