Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті

деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі қырлары, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

- Мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын ұлы бірлестік деп санаймын. Пәкістан оның құрамына кіруді қалап отыр және ұйымның барлық мүшелерінің қолдауынан үміттінеді. Мен ШЫҰ-ның үлкен перспективасы бар деп сенемін, - деп атап өтті журналистер алдында сөйлеген сөзінде Пәкістан Президенті.

- Бұл менің Пәкістан Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапарым. Мен Қазақстан халқын және ұлы лидері Нұрсұлтан Назарбаевты республика тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! - деді Ә.Зардари.