Алдымен Мемлекет басшысы «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің сайтын пайдаланушыларымен амандасты.
"Ауқымды қытай аудиториясының алдында сөз сөйлеу мүмкіндігін беріп, шақырғандарыңызға рахмет", - деді Мемлекет басшысы қазір Шанхайда өтіп жатқан қытайлық ғаламтор пайдаланушыларымен онлайн сұхбат барысында.
Елбасына қойылған алғашқы сұрақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің рөлі мен даму перспективаларына қатысты болды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Синьхуа» сайтында түрлі тақырыптағы 1000-нан астам сұрақ жолданды. Онлайн сұхбаттан кейін Қазақстан Президенті қойылған сауалдардың ішінде үздігін таңдап, оны жолдаған интернет-пайдаланушыға сыйлық тапсырады деп күтілуде.
«Синьхуа» - 1931 жылы негізі қаланған Қытайдың ірі мемлекеттік ақапараттық агенттігі. Оның штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.
«Синьхуа» сайты 1997 жылдың қарашасында ашылған. Қазір ол Қытайдың ірі әрі беделді ақпараттық сайты болып табылады. Күн сайын оны 58 миллионға жуық адам пайдаланады, веб-парақшаны қараушылар саны 280 миллионды құрайды.
Бұған дейін ҚР Президент Н. Нахарбаев «Синьхуа» агенттігіне бірнеше мәрте жазбаша сұхбат берген. Атап өтер болсақ, 2009 жылы сәуірде, 2011 жылы ақпанда және 2013 жылы қыркүйекте.
Елбасы Шанхайға дүйсенбі күні таңертең түсіп, Қытайға мемлекеттік сапарын бастады.