Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын әділетті өткізуге қажетті барлық жағдайды жасауға уәде берді

"Қазіргі мемлекет басшысы ретінде алдағы президент сайлауын әділетті әрі еркін өткізуге қажетті барлық жағдайды жасаймын". Бүгін, 1-қыркүйекте кезекті парламент сессиясының ашылуына арналған қос палатаның бірлескен отырысында мемлекет басшысы осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.