Н.Назарбаевтың айтуынша, қазақстандықтар мен халықаралық қауымдастықтың сайлау нәтижесіне құйтақандай да күмәні болмауға тиіс.
"Өз басым Конституция мен ел заңдары аясындағы идеялардың, саяси жобалар мен динамикалы, жариялы пікірталастардың ашық әрі әділетті бәсекесін әрдайым жақтап келдім",- деді ол.
"Қазақстандықтар өз ісімен Отанына адал қызмет ететінін паш еткен, іс-әрекеттердің нақты стратегиясы мен оны жүзеге асыра алатын, бір ауызды топтасқан командасы бар жетекшіні таңдайды дегенге еш шүбә келтірмеймін",- деді мемлекет басшысы.