"Мен тағы бір мерзімге президент сайлауына түспекшімін және қазақстандықтардың қолдауына үміт артамын",- деді мемлекет басшысы. "Егер осындай қолдау көрсетіліп жатса өз басым бастаған істерімді аяқтап шығуға, соның ішінде барша қазақстандықтардың игілігі үшін, халықтар арасындағы достықты бекіте түсуге, халықтың болашағына қызмет етуге тырысатын боламын",- деді Н.Назарбаев.
"Қайтадан президенттік додаға қатысу қажет пе, жоқ па деген мәселені шешу үшін, өзіме деген халықтың пиғыл-көзқарасын білу үшін Қазақстанды аралап шықтым",- деді президент. "Өзімнің қанша жыл президент болғанымды білемін, жасымның қаншада екені , әрине, жадымда. Ой елегінен өткізіп, толғанатын қажеттілік бар",- деді ол.
Н.Назарбаев Конституциялық кеңестің президент сайлауын өткізетін мерзімге қатысты шешіміне қосылмайды. Мемлекет басшысының пікірінше, "сайлау 2006-жылы өткізілуге тиіс". "Конституциялық кеңестің сайлауды 2005-жылы өткізуге шешім шығарғанын білемін. Менің бұл шешімге вето қоюға құқығым бар. Қазір мен бұл мәселе төңірегінде ойланып жатырмын",- деді Қазақстан президенті.