Нұрсұлтан Назарбаев Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Elbasy.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.  

«Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.

Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді», – делінген жеделхатта.