Өз кезегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлікке бірқатар міндеттерді жүктеді. Яғни қорғаныс жүйесін дамытып, Қарулы күштерді қажетті заманауи қару-жарақ, әскери техникамен қамтамасыз етуді тапсырды. Ел шебін жаудан қорғайтын жауынгерлердің дайындығын тексеріп, әскери доктрина мәселелерін жүзеге асыруды жалғастыру да негізгі міндеттердің қатарында екенін баса айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Өзіміздің Қазақстанда қандай қару-жарақ жасаймыз? Патрондар жасауға тапсырма бергенмін мен. Ресеймен келіссөздер бар. Олардан техника алу мәселесі жайында.