Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырды

Мерекелік шаралар Урюпинка ауылындағы «Балабақша – мектеп – интернатта», «Мамандандырылған Щучинск балалар үйінде» және «Көкшетау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» өтті.

200-ге жуық бала ертегі, музыкалық қойылымдар мен белсенді ойындарға қатысты. Бұдан бөлек, балалар сәндік-қолданбалы өнер бойынша ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына қатысты. 

Әр ертеңгіліктің соңында балаларға сыйлықтар табысталды. 

Балалар мен олардың ата-аналарына жақсылық және армандарының орындалуын тілейміз!